RU

Надыров COVID-19 ушығып кетпеуі үшін не істеу керек екенін айтты

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Deccio Serrano/NurPhoto via Getty Images

Алматы қаласы бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров бүгін өткен онлайн-эфир кезінде шаһардағы коронавирус таралуын ушықтырып жібермес үшін не істеу керегін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қамалжан Надыров денсаулық сақтау саласының резервтері шексіз емес екенін еске салды. Алайда, оған қарамастан Алматы қаласында шамамен тағы 7200 орын ашуға дайын. Бірақ, басқарма басшысы жағдай ушығып кеткен жағдайда бұл орындар саны күрт азайып кетуі мүмкін екенін айтты.

"300 орыны бар клиникалардың іші бір жарым күнде-ақ толып кеткен көріністі біз маусым және шілде айларында байқадық. Күрестің сәтті өтуі ауруханалардағы орындармен есептелмейді. Егер біз шектеу шараларын ензігбесек, бұл орындар жеткіліксіз болып қалуы әбден мүмкін. Емханалардағы орындар бойынша болжам халықтың тәртібіне тікелей байланысты", - деді ол.

Надыровтың сөзінше, маска тағып, арақашықтықты сақтап, қолды үнемі жуып жүру керек. Бұл шаралар инфекцияның таралу деңгейін төмендетуге көмектеспек.

"Басты мақсат - cтацинарлардағы орындардың бос болмауы мен жедел жәрдемнің ауруханаға жатқызбайтын жағдайларын болдырмау. Бұл ең нашар сценарий болмақ Стационарлар толып кеткен кезде міндетті түрде шектеу шараларын күшейту керек болады. Халықтың денсаулығы мен өмірінен қымбат ештене жоқ. Қалғанын ретке келтіруге болады. Бұл жағдайда шектеу шаралары мен көмек көрсету арасында дұрыс баланс сақтау керек" , - деді ол.

Надыров ауруханалардың 20-30%-ға толып кетуі кезінде де шектеу шараларын енгізу амалдары қарастырылғанын мәлімдеді. Емханалардағы орындардың көптігі шектеу шараларын шегеруге көмектеседі. Дегенмен сақтық амалдарын елемеген жағдайда ауруханалардағы орындар лезде толып кетуі мүмкін.

Айта кетейік, бүгін Надыров Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында тексеру жүргізіліп жатыр деген қауесетке түсініктеме берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874857-nadyrov-covid-19-usygyp-ketpeui-sin-ne-istek-kerek-ekenin-ajtty.html