RU

Алматыда көлік қаққан ер адам ғажайыптың күшімен аман қалды

Апат
Көрнекі фото: don24.ru

Алматыда екі көлік соқтығысып, салдарынан бір жаяу жүргінші зардап шекті, ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде кең тарады. Оқиға Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында болған.

Бейнежазба кадрларынан бір көліктің екінші көлікке жол бермегенін анық көруге болады. Салдарынан ақ кроссовер жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бірнеше метрге ұшып, жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Көліктің астында қалған адам ауыр жарақат алды.

Дәрігерлердің айтуынша, 40 жастағы азамат жедел жәрдем көлігімен таңғы сағат 8: 37-де №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

"Науқасқа жабық ми жарақаты, ми шайқалуы, теріасты гематомалары, мұрын сүйектерінің ашық сынуы, омыртқаның көлденең жабық сынуы диагнозы қойылды. Сонымен қатар, оған екінші дәрежелі травматикалық шок қойылды. Науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Қарқынды терапия жағдайында қажетті ем жүргізілуде", - деді №7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Есенай Еспенбетов.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған әйелді көлік қағып өлтірген еді.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда мас күйдегі келіншек қағып кеткен екі жасар бала жансақтау бөлімінде жатқаны туралы жазған болатынбыз. ПД мәліметінше, жол апатынан үш адам зардап шеккен, бірақ дәрігерлердің айтуынша, олардың саны төртеу болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874868-almatyda-klik-kakkan-er-adam-gazajypty-ksimen-aman-kaldy.html