Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарлық азамат түрмеде өзімен бірге отырған тұтқынды ұрлап кетті

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда ер адам миллион долларды ұрлап, колонияда өзімен бірге жазасын өтеген тұтқынды қашырып жіберіп, оны өзі кепілге алған. Белгілі болғандай, қылмыскер тергеушілердің қомақты қаржының жартысынан көбін таппағанын біліп, ақшаны камералас жолдасынан күштеп алмақ болыпты. Қазір тұтқынға қатысты сотта заңсыз бас бостандығынан айыру және бопсалау туралы қылмыстық іс қаралып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қылмыстық іс материалдарынан Алексей мен Сергейдің (есімдері өзгертілген - ред.) колонияда танысқаны белгілі болды.

Сергей миллион долларды ұрлағаны үшін түрмеге қамалғанын айтқан. Бұл ақшаның басым бөлігін тергеушілер сол күйі таппаған. Осы оқиғаны біліп қойған Алексей ақшаны қалай да табуға бел буған.

Оқиға 2019 жылдың желтоқсанында басталыпты. Ол кезде Алексей Павлодарда тұрған, ал Сергей жазасын Шідерті кентіндегі колония-қоныста өткізеді.

Ер адам тұтқынды қалай қашырып жіберуге болатынын білген. Ол үшін азамат кәмелетке толмаған баланы іске араластырған. Ол қыздан Сергеймен жеке хат жазысуды сұрайды. Алайда ол жасөспірімге өз жоспарын айтпаған.

2019 жылдың желтоқсан айының аяғында Сергей колониядан қашуға әзірленеді. Қыз онымен Павлодарда кездесуге уағдаласыпты. Жігіт көп ойланбастан колония-қоныстан кетіп қалып, кейіннен өзін кәмелетке толмаған қыз күтіп отырған пәтерге келеді. Алексей ол кезде үйде жасырынып отырыпты.

Ол осы сәтті пайдаланып, үйге кірген Сергейді ұра бастайды. Бірнеше сағаттан кейін шабуылшы өзінің құрбанын скотчпен байлап, оны ұялы телефон камерасына түсіріп алуға шешім қабылдайды.

Сергей әкесінен төлем ретінде 20 мың доллар (8,5 миллион теңге) табуды өтінді. Алайда ақша іздеудің қажеті болмаған, себебі дәл сол күні тұтқын қашып үлгереді.

Ер адам 3-қабаттан секіріп кеткен. Ол көптеген жарақаттар алып, ауруханадан бір-ақ шыққан.

Ал Алексей дер кезінде ұсталды, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір материалдар Павлодар қаласының №2 сотында қаралуда. Айыптар ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша қозғалды, ол жасаған қылмысы үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында бір көлікті екі рет тонаған жігіттің әрекеті камераға түсіп қалған еді.

Сондай-ақ, Сәтбаевта қыз ұрлаған күдікті екі айға қамауға алынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874876-pavlodarlyk-azamat-trmede-zimen-birge-otyrgan-ttkyndy-rlap-ketti/

pixel