Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеу басталды
Опубликовано:
Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеу басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Білім және ғылым министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеу басталды.
"Вакцинаны клиникалық зерттеу 18-50 жас аралығындағы дені сау ересек еріктілер арасында жүргізіледі. Вакцинаның қауіпсіздігін анықтауға бағытталған зерттеудің I фазасына коронавируспен ауырмаған және антиденелері жоқ 44 ерікті қатысады. Иммуногенділікті зерттеуге бағытталған екінші фазада 200 еріктінің қатысуы жоспарланып отыр", делінген хабарламада.
БҚПҒЗИ-ға клиникалық зерттеулерге қатысуға ниет білдірген еріктілерден 688 өтініш келіп түскен.
Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов cенім білдіргендерге алғыс айтты.
Клиникалық зерттеулер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы" РМК және "Сentre for Clinical Medicine and Research" ЖШС-де өтеді.
Еске сала кетейік, еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып тұмауға қарсы вакцина салдырды.
Сондай-ақ, министр ең алғашқы болып тұмауға қарсы вакцина салдыруының себебін түсіндірді.
Айта кету керек, ДДСҰ Covid-19-ға қарсы тағы бір қазақстандық вакцинаны тіркеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874884-koronaviruska-karsy-kazakstandyk-vakcinany-klinikalyk-zertteu-bastaldy/