Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның солтүстігінде құс тұмауына қарсы вакцинация жасалады

Опубликовано:

Құс тұмауы
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның солтүстік аймақтарында жылы жаққа ұшатын құстардың бағыты бойынша жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцинация жасалады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцинация құс фабрикаларынан 20 шақырым радиуста және жабайы құстардың ұшу бағыты бойынша жүргізіледі. Бұл Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының аудандарына, сондай-ақ Ақмола облысының кейбір аудандарына әсер етеді.

Сонымен қатар, құс тұмауына қарсы күрес стратегиясына сәйкес, қолданыстағы құс фабрикаларынан және жабайы құстардың бағыты бойынша 20 шақырым радиуста жеке фермалардағы құстарға вакцинация жүргізу қарастырылған.

Сондай-ақ, өңірге құстарды вакцинациялау үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы отандық 873 мың препарат бөлінді.

Елімізде бүгіннен бастап Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев ауданынан тірі құс және инкубациялық жұмыртқа, мамық пен қауырсын, құс еті мен құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерін, құстарға арналған жемшөп пен жемшөп қоспаларын, сондай-ақ бұрын пайдалануда болған құстарды күтіп-бағуға, союға және мүшелеуге арналған жабдықтарды шығаруға уақытша шектеулер енгізілді.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ өлген үй құстарының иелеріне келтірілген шығын құнын орташа айлық нарықтық баға негізінде төлейтінін, бағаны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы арнайы комиссия анықтайтынын мәлімдеді.

Өтемақы алу үшін үй жанауарларының иелері өтініш беруі керек. Ақшалай қаражат картаға аударылады. Бұл ретте, зардап шеккен жануарлардың өлекселеріне комиссиялық акті жасалып, ресми түрде тіркелуі қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстанда құс тұмауының өршуіне байланысты карантин енгізілгенін хабарлаған едік.

Айта кетейік, бұған дейін СҚО-ның 7 ауданында жаппай құс өлімі тіркеліп, оның себебі құс тұмауы екені мәлімделді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874886-kazakstanny-soltstiginde-ks-tmauyna-karsy-vakcinacia-zasalady/

pixel