Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шенеуніктің әдепсіздігі Қаскелең тұрғындарының шамына тиді (видео)

Опубликовано:

Қаскелең ТКШ маманы
Кадр видеодан алынды: instagram.com / echo_tdk

Әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметкердің Қаскелең тұрғындарымен дөрекі сөйлескені, артынан темекінің қалдығын балалардың ойын алаңына тастағаны бейнеленген видео пайда болды. Алматы облысы Қарасай ауданының ішкі саясат бөлімі шенеуніктің әрекетіне пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеоның жазбасында Қаскелеңде жылыту мәселесіне байланысты тұрғындар мен билік арасында дау туындағаны айтылады. Тұрғындар бұрыннан бері өз ақшаларына жылытуға арналған қазандар сатып алып, пәтерлеріне орнатып алған. Ал жергілікті билік болса оларды қазандық орнатуға барынша көндіруде.

Алайда, жиналған жұрт бұл мәселеден бұрын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерінің дөрекі сөйлеуі мен әдепсіз әрекетіне ашуланды.

Жарияланған кадрлардан костюм киген адамның темекі шегіп тұрғанын көруге болады. Кадр сыртында біреу одан темекіні тастауын сұрап, халықпен сөйлесіп тұрғанын есіне салды. Өз кезегінде шенеунік: "Бұл табиғи зат", деп жауап береді.

Тұрғындар ашуланып, мемлекеттік қызметкерден әдептілік танытуын сұрайды.

"Онда мен әдепсізбін", – деп жауап берді ол.

Содан соң ер адам темекінің қалдығын жерге тастап, тағы да жиналған жұрттың шамына тиді. Тұрғындар оған қоқысты балалардың ойын алаңына тастағанын айтып, ескерту жасады.

"Бұған бәрібір", – дейді жиналғандардың бірі. Шенеунік болса, өз жұмысын атқарып жатқанын алға тартты.

Алматы облысы Қарасай ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Әсет Нұрекенов аталған оқиғаға пікір білдірді.

"Видеода Қарасай ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Ермек Нәбиев бейнеленген. Ол блок-модульді қазандық құрылысының мәселесі бойынша Қаскелең тұрғындарымен әңгімелескен.
Темекі қалдығын тастағаны үшін учаскелік инспектор оған 12 625 теңге айыппұл салды. Одан бөлек, ауданның әдеп жөніндегі қызметі қызметтік тексеріс жүргізеді. Қазіргі уақытта бұл маманнан түсініктеме алынды", – дейді Әсет Нұрекенов.

Бұған дейін Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов шуға айналған 330 млн теңгелік шолу дөңгелегіне қатысты іске куәгер ретінде жауап берген еді.

Еске сала кетсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аттракцион салу кезінде ұрланған ақшаның болжалды сомасын жариялаған еді.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 160 млн теңге қолды болуы мүмкін. Тергеудің дерегінше, ақшаны жергілікті шенеунік, яғни қаланың құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы ұрлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874901-seneunikti-depsizdigi-kaskele-trgyndaryny-samyna-tidi-video/

pixel