RU

"Қайрат" "Астанаға" ілесіп, Еуропа Лигасынан шығып қалды

Қайрат
"Қайрат" 2018 жыл. Фото: VI Images/Getty Images

Еуропа Лигасы екінші іріктеу раундының матчында алматылық "Қайрат" Хайфа қаласынан келген израильдік "Маккабиден" жеңіліп қалды деп хабалайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Матчта алаң қожайындары 2:1 есебімен жеңіске жетті деп жазады Sports.kz. "Маккаби" ойынды белсенді шабуылмен бастады. Алайда алматылықтар шабуылдарға жақсы төтеп беріп, ойынның шамамен оныншы минутында өздері шабуылдауға кірісті.

Өкінішке қарай, біздің футболшылар доп жіберіп алады. Бұған айыпдоп соғу жағдай жасаған.

"Алғашқы компенсациялық минутта Юваль Ашкенази көзге түсті, оның голына нақты соққымен Вагнер Лав жауап берді", - деп жазады басылым.

Үзілістен кейін командалар тең ойын көрсете бастағанымен, көп ұзамай алаң қожайындары екінші голды соғады. Гол авторы - Никита Рукавица.

Нәтижесінде матч "Қайраттың" пайдасына шешілмеді. Қазақстандық клуб Еуропа Лигасындағы өз жолын осылайша аяқтады.

Еске салсақ, бұған дейін "Астана" 6 жылдың ішінде алғаш рет еурокубоктардың топтық кезеңіне өте алмай қалған болатын. Елорданың "Астана" футбол клубы Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында черногориялық "Будучност" команасынан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Матч Алматыда өткен болатын.

Тағы бір қазақстандық команда Еуропа лигасының іріктеу кезеңінен өте алмаған еді. Қызылордалық "Қайсар" футбол клубы Шымкентте Кипрдің "АПОЭЛ" командасын қабылдады. "Қайсар" футболшылары алғашқы болып есеп ашқанымен, қонақтардың қарқынына төтеп бере алмай, Кипрдің азулы командасы есепті 1:4-ке жеткізді.

Нәтижесінде еурокубокта осы маусымда қазақстандық команда қалмады.

Одан бөлек, елордалық "Барыс" хоккей клубының 12 мүшесінен коронавирус анықталғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874915-kajrat-astanaga-ilesip-evropa-ligasynan-sygyp-kaldy.html