RU

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустың 78 жаңа дерегі тіркелді

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Morteza Nikoubazl/NurPhoto via Getty Images

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 78 адам анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 17 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 78 жағдай тіркелді.

Оның ішінде:

Алматы қаласында - 14336(+7),

Нұр-Сұлтан қаласында -13987(+25),

Атырау облысында - 11033(+3),

Қарағанды облысында - 10214(+5),

Шығыс Қазақстан облысында - 8483 (+20),

Батыс Қазақстан облысында - 6833(+3)

Жамбыл облысында - 4112(+2),

Солтүстік Қазақстан облысында - 4039(+4),

Павлодар облысында - 3886(+2)

Қостанай облысында - 3458(+3),

Ақмола облысында - 3454(+2),

Ақтөбе облысында -3234(+2).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 107 134-ке жетті.

Еске салсақ, Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеу басталды.

Оған қоса, Қазақстанның солтүстік аймақтарында жылы жаққа ұшатын құстардың бағыты бойынша жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцинация жасалады.

Айта кету керек, Алматы қаласы бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров онлайн-эфир кезінде шаһардағы коронавирус таралуын ушықтырып жібермес үшін не істеу керегін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874923-kazakstanda-tken-tulikte-koronavirusty-78-zaa-deregi-tirkeldi.html