Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда көлік жарылды (фото, видео)

Опубликовано:

Жарылыс1
Оқиға орны: Lada.kz

Бүгін Ақтаудың 27-шағын ауданында автокөлік жарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға 17:30-да тұрғын үйлердің бірінің жанында болды, деп жазады "Лада" Маңғыстау облысы ТЖМ Өрт сөндіру және құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Рукия Сычеваға сілтеме жасап.

Басылымның ақпаратына сәйкес, көлік өртенгеннен кейін көліктегі газ баллоны жарылған. Жарылыс өрт сөндірушілер келгенге дейін болғаны атап өтіледі. Қуанышқа орай, бұл оқиғада ешкім зардап шеккен жоқ. Куәгерлер Daewoo Nexia көлігі өртеніп жатқанын айтты. Өрт басталардан бірнеше минут бұрын оның жанында көліктің есігін ашып, балалар ойнаған. Өрт жақын жерде тұрған тағы бір машинаны зақымдады. Зақым алған көліктің маркасы Lada Granta.

Жарылыс1
Оқиға орны: Lada.kz

Куәгерлер бұл оқиғаны видеоға түсіріп алған.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Еске салсақ, Алматыда екі көлік соқтығысып, салдарынан бір жаяу жүргінші зардап шекті, ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгені туралы жазған болатынбыз.

Айта кеткен жөн, 16 қыркүйекте таңертең Ақтөбеде жолаушылар автобусының қатысуымен апат болды. Оқиға салдарынан сегіз адам жарақат алды.

Оған қоса, оңтүстік астананың Бекмаханов көшесінде жан түршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алды: "Lexus" автокөлігінің жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан жаяу жүргіншіні қағып кетті. 14 жасар жеткіншек оқиға орнында көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1874928-aktauda-klik-zaryldy-foto-video/

pixel