Шымкентте қонақ үйде притон ұйымдастырған жеңгетай анықталды
Опубликовано:
Шымкент қаласында қонақ үйде притон ұйымдастырған жеңгетай анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Республика көлеміндегі “Стоп-трафик” іс-шара шеңберінде Шымкент қаласының Полиция департаменті Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері адам саудасына қатысты қылмыстарды анықтау және олардың алдын алу бойынша жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Шымкенттік тәртіп сақшылары аталған іс-шара барысында қаладағы қонақ үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған азаматшаны анықтап, Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жеткізді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабының 1-бөлігімен (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Айта кетейік, күні кеше Түркістан облысының полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды жойды.
Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері республика көлемінде жүргізілген “Стоп-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақсукент ауылында орналасқан демалыс орындарының бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтаған.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жоғарыда аталған притонда жеңгетайлық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874933-symkentte-konak-jde-priton-jymdastyrgan-zegetaj-anyktaldy/