RU

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан қанша адам қайтыс болды

Өлім-жітім1
Көрнекі фото: David Ryder/Getty Images

Өткен тәулікте 4 адам коронавирустан, тағы 2 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Үстіміздегі жылдың 18 қыркүйектегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 835 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 40 өскіншек бала бар.

Стационарларда 1 967 науқас жатыр. 1 868 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 100 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

️2020 жылғы 18 қыркүйектегі жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек бойынша, 242 жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 55 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

  • Науқастар саны – 30 579;
  • Өлім жағдайлары - 337;
  • барлығы 26 533 адам сауығып шықты.

Еске салсақ, Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 17 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 78 жағдай тіркелді.

Ресми деректерге сәйкес, 18 қыркүйек күнгі көрсеткіштер бойынша, әлемде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 30,335 млн-ға жетті. Жазылғандар саны – 2,024 млн адам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874940-tken-tulikte-koronavirus-pen-pnevmoniadan-kansa-adam-kajtys-boldy.html