Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда мотоциклдің автокөлікпен соқтығысуы салдарынан екі адам көз жұмды

Опубликовано:

Полицей1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы тасжолда мотоцикл жеңіл автокөлікпен соқтығысты деп хабарлады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мотоциклдің 46 жастағы жолаушысы ауруханаға түсті.

"35 жастағы мотоцикл жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 69 жастағы зейнеткер жүргізіп келе жатқан Toyota Corona көлігімен соқтығысқан", – дейді полиция қызметкерлері.

Жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізушісі мен оның 55 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Тағы бір мотоцикл жолаушысы, 46 жастағы ауыл тұрғыны ауруханаға түсті.

Автокөлік пен мотоцикл айып тұрағына жеткізілді. Тексеріс жүргізіліп жатыр.

Полицияның мәліметінше, осы жылдың сегіз айында Павлодар облысында 369 жол апаты болып, салдарынан 32 адам көз жұмған, тағы 515 адам жарақат алған.

Еске салсақ, Алматыда екі көлік соқтығысып, салдарынан бір жаяу жүргінші зардап шекті, ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгені туралы жазған болатынбыз.

Айта кеткен жөн, 16 қыркүйекте таңертең Ақтөбеде жолаушылар автобусының қатысуымен апат болды. Оқиға салдарынан сегіз адам жарақат алды.

Оған қоса, оңтүстік астананың Бекмаханов көшесінде жан түршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алды: "Lexus" автокөлігінің жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан жаяу жүргіншіні қағып кетті. 14 жасар жеткіншек оқиға орнында көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1874950-pavlodarda-motocikldi-avtoklikpen-soktygysuy-saldarynan-eki-adam-kz-zmdy/

pixel