RU

Үш жыл бұрын колониядан қашқан қылмыскер Алматы облысында ұсталды

Түрме 456
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Тараздың құқық қорғаушылары Алматы облысында 2017 жылы қоныс колониясынан қашып кеткен ер адамды ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысының полициясына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының ақпарынша, қолға түскен азамат 3 жыл бойы халықаралық іздеуде болған. Ол ҚР ҚК-нің 427 бабы "Жазасын өтеуден жалтару" бойынша ұсталды.

Құқық қорғаушылар мәлім еткендей, жаза өтеуші 2017 жылғы күзде Тараздағы қоныс колониясынан қашып кеткен. Ол Алматы облысында ұсталды.

Қазір ер адам қамауға алынған. Ол жазасын өтеу үшін этаппен қайтадан Таразға жіберіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда аса қауіпті қылмыскерлердің түрмеден қашқаны туралы ақпарат тараған еді.

WhatsApp мессенджері арқылы қатаң режимдегі колониядан жаза өтеушілердің қашып кеткені туралы хабарлама тараған. Онда аса қауіпті үш қылмыскердің түзету мекемесінен қашып, қазіргі уақытта Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде жасырынып жүргені айтылған.

Өңірдің қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, хабарламада көрсетілген АП-162/4 колониясынан, сондай-ақ аймақтағы басқа да түзету мекемелерінен ешкім қашпаған.

Еске сала кетсек, 11 қыркүйекте ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Қазақстан аумағында ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кескен болатын.

Арнайы операция кезінде Нұр-Сұлтан, Қостанай, Алматы және Ақтөбе қалаларында аталған топтардың 15 жетекшісі мен мүшелері ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874961-s-zyl-bryn-koloniadan-kaskan-kylmysker-almaty-oblysynda-staldy.html