RU

Алтын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

ҰҚТ қызметкерлері қылмыскерлерді ұстау үстінде
Видеодан кадр: Polisia.kz

ІІМ қызметкерлері прокурорлармен бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ҰҚТ мүшелері Ақмола облысының кәсіпорындарында шикізат ұрлаудың қалыптасқан схемасын қолданған. Шикізат алдымен жасырын шағын цехтарда өңделіп, содан соң елден шығарылып отырған. Арнайы операция барысында полицейлер контрабанданың ірі арнасын жойып, 10 адамды ұстады.

Айғақ заттар алынып, техникалық құралдар тәркіленді.

Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау фактісі бойынша ҚР ҚК 262-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, аталған бап 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздеген.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Айта кетейік, оған қоса Алматы облысында үш жыл бойы іздеуде болған қылмыскер ұсталды. Ол Тараздағы қоныс колониясынан 2017 жылы қашып кеткен. Қазір ер адам қамауға алынған. Ол жазасын өтеу үшін этаппен қайтадан Таразға жіберіледі.

Сонымен қатар, Қазақстанда 20 жыл бойы іздеуде болған қылмыскер тұтқындалғанын хабарлаған болатынбыз. Ол ауқымды көлемде марихуананы заңсыз сатып алып, оны саудаға салғаны үшін айыпталған еді. Қылмыстық іс қозғалғанымен, ер адам ізін суытып қашып кеткен. Ол Өскемен қаласынан Павлодар қаласына көшіп, пәтер жалдап тұрған. Бүгінде ол уақытша тергеу изоляторына тоғытылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874988-altyn-rlaumen-ajnalyskan-kylmystyk-topty-mseleri-staldy.html