RU

Угандада 200 қылмыскер түрмеден тыржалаңаш қашып кетті

Түрме
Көрнекі фото: almaty.tv

Угандада 200-ге жуық сотталған адам түрмеден қашып кетті. Қаруланып алған қылмыскерлер үстіндегі сары түсті киімді шешіп, жалаңаш күйде тау жаққа жасырынған деп жазады KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Уганданың халық қорғаныс күшінің баспасөз хатшысы қашып кеткен азаматтарды қылмыс әлеміне "тамырын жайған адамдар" деп атады. Олардың басым көпшілігі ірі қара мал ұрлығы үшін мерзім өтеген.

"Олар бұл аймақты бес саусағындай жақсы біледі" , - деді ол.

Түрмеде орын алған атыс кезінде үш адам қаза тапты: бір күзетші мен екі қылмыскер. Полиция қызметкерлері жеті сотталған адамды ұстап үлгерді.

Жергілікті халықтың айтунша, абақтыда болған атыстар қалаға дейін естілген. Қауіпсіздік мақсатында Морото қаласында бизнес тоқтап қалған.

Түрме қызметінің өкілі Фрэнк Бейн бұл жайтты Угандада аса сирек болатын оқиғалар қатарына жатқызды. Бұл коронавирус пандемиясы басталғалы Угандада орын алған қылмыскерлер қашуының үшінші дерегі болып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Гвинея президентінің ел алдында еңбек министрін сабап тастағанын жазған болатынбыз. Мемлекет басшысы шенеуніктің атқарған жұмысы мен қызметіне деген салғырттығына көңілі толмай, ашуға бой алдыра оны соққыға жыққан.

Айта кетейік, оған қоса Алматы облысында үш жыл бойы іздеуде болған қылмыскер ұсталды. Ол Тараздағы қоныс колониясынан 2017 жылы қашып кеткен. Қазір ер адам қамауға алынған. Ол жазасын өтеу үшін этаппен қайтадан Таразға жіберіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874994-ugandagy-trmeden-200-tyrzalaas-kylmysker-kasyp-ketken.html