RU

Академик коронавирустың екінші толқынына қатысты ерекшеліктерді айтып берді

тест сынамасы ковид
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ресей ғылым академиясының академигі Евгений Шляхто коронавирустың ресейлік медицинаның жұмысына қалай әсер еткенін, сондай-ақ пандемияның екінші толқынының ерекшеліктері туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аурудың бірінші толқынының басты белгісі – әлемдік медицина қызметкерлерінің оған дайын болмауында. Белгісіздік жағдайында алғашқы көмек көрсету, стационарлардың, білімнің жеткіліксіздігі бастапқы нашар нәтижелерден көрінді.

Енді пандемияның екінші толқыны қарсаңында дәрігерлер айтарлықтай бейімделіп үлгерді – жаңа хаттамалар, стандарттар, клиникалық нұсқаулар. Сондай-ақ вакцинаға үлкен үміт артылып отыр.

Алайда пандемияның екінші толқынының қиындығы оның вирустық аурулар кезеңіне тұспа-тұс келіп отқанымен байланысты. Қызуы көтерілген науқастар COVID-19 күдігімен қаралатын болады деп жазды Парламент газеті.

Коронавирус оқиғасы медицина саласында баға жетпес рөл атқарды. Қысқа уақыт ішінде пандемиядан тыс уақытта жылдар жұмсалатын процестер жолға қойылды. Ауруханаларда топтық жұмыс және ішкі логистика реттелді.

Сондай-ақ пандемия медицина ғылымында да елеулі рөл атқарды.

Қазір жаңа оқу жылының басталуы мен халықың демалыстан оралуы әлемде аурудың өсіміне әсер етті.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 30 миллионнан асты.

Worldometers онлайн-дайджестінің мәліметіне сәйкес, 18 қыркүйек күнгі көрсеткіштер бойынша, әлемде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 30,335 млн-ға жетті. Жазылғандар саны - 2,024 млн адам.

Еске сала кетсек, коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның клиникалық зерттеулері басталып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875000-akademik-koronavirusty-ekinsi-tolkynyna-katysty-erekselikterdi-ajtyp-berdi.html