RU

Иесіз қалған үйдің терезесінде тұрған бала бейнесі елдің үрейін туғызды

ребек
Видеодан кадр: tiktok.com/@rebabeba

Әлеуметтік желіде иесіз қалған үйдің терезесінен баланың басы көрініп тұрған видео пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Саяхаттап жүрген әйел иесіз қалған бір ғимаратқа кезіккен. Үйдің сыртқы келбетіне қызыққан ол жекежайды қызы Ребеккаға көрсетпек болыпты.

Ребекка үйді бірден видеоға түсірген. Алайда ол роликті жақындатып көрген кезде терезеде тұрған баланың бейнесін көрген.

Ребекка көп ұзатпай роликті TikTok желісіне жүктеген. Ең қысқа мерзімде видео 2 миллион қаралым мен бес мыңға жуық пікір жинаған. Тіпті кейбір қолданушылар көргендерінен қатты шошынған.

"О, Құдайым, бұл бала ғой! Неге ұйықтар алдында көрдім екен?", "Менің барлық серотонинім денемнен кетіп қалды", - деп жазған көпшілік.

Дегенмен, пікір жазғандар арасында қатты әсерленген желі қолданушыларын сабырға шақырғандар да табылған. Мәселен, бір ер адам терезенің алдында тұрған қуыршақ екенін айтқан. Оның сөзінше, туристерді қорқыту үшін ойыншықты әдейі қойып қойған.

Еске сала кетсек, әлем жұртшылығының ерекше назарына ілінген Қытайдағы "жасыл үй" жергілікті тұрғындардың сынының астында қалғанын жазған едік. Үйден безген тұрғындар онда тұру мүмкін еместігін айтқан.

Сондай-ақ Дағытанда махаббатың арқасында коронавирусты жеңіп шыққан 93 жастағы ер адам мен 83 жастағы әйел туралы жазған болатынбыз.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1875003-iesiz-kalgan-jdi-terezesinde-trgan-bala-bejnesi-eldi-rejin-tugyzdy.html