RU

Павлодарда полицейге пышақпен шабуыл жасаған жігітке сот үкімі шықты

Түрме1
Көрнекі фото: NUR.KZ

9 мамыр күні Қазақстанда төтенше жағдай болған кезде павлодарлық ер адам түнгі серуенге шыққан. Масаң күйде болған жігіт полиция қызметкерлерін кездестіріп, сөздері жараспай, нәтижесінде күдікті қалтасынан пышағын шығарыпты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Павлодар қаласының №2 сотының үкіміне сілтеме жасап.

25 жастағы жігіт полициямен пайда болған кикілжіңді пышақтың көмегімен шешпек болыпты. Сөйтіп, күдікті тәртіп сақшыларының бірінің білегіне пышақ сұғып алған. Полицей қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылды.

Денсаулығына аздап зиян келгеніне қарамастан, жас жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сол кезде болған елдегі төтенше жағдай режимін де ескерген.

Павлодарлық өз кінәсін ішінара мойындады, ол нақты баптың тармағымен келіспеді. Жеңіл жаза тағайындалады деп үміттенген.

Сот үкімімен Павлодар қаласының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл мерзім мемлекеттік орган өкіліне қарсы күш қолдану бабындағы көзделген ең аз мерзім болып шықты.

Судья Жанар Тұрлыбаева сот үкімін шығарған кезде айыпталушының жасы, сондай-ақ әрекетіне қатысты өкінішінің ескерілгенін түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодарда ер адам миллион долларды ұрлап, колонияда өзімен бірге жазасын өтеген тұтқынды қашырып жіберіп, оны өзі кепілге алған.

Белгілі болғандай, қылмыскер тергеушілердің қомақты қаржының жартысынан көбін таппағанын біліп, ақшаны камералас жолдасынан күштеп алмақ болыпты. Қазір тұтқынға қатысты сотта заңсыз бас бостандығынан айыру және бопсалау туралы қылмыстық іс қаралып жатыр.

Оған қоса, Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы тасжолда мотоцикл жеңіл автокөлікпен соқтығысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875004-pavlodarda-policejge-pysakpen-sabuyl-zasagan-zigitke-sot-kimi-sykty.html