Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде КамАз 5 жасар баланы қағып кетті

Опубликовано:

Апат
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде жол апаты салдарынан 5 жасар сәби қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

17 қыркүйек күні Жұмабаев көшесімен Озерная көшесінен Мехколонна көшесі бағытында келе жатқан КамАЗ-65115 автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті.

"Бала жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жолды кесіп өтіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттардан 5 жасар бала есін жимастан оқиға орнында қайтыс болды. "Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда көлік қаққан ер адам ғажайыптың күшімен аман қалған еді.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде кең тарады. Оқиға Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында болған.

Бейнежазба кадрларынан бір көліктің екінші көлікке жол бермегенін анық көруге болады. Салдарынан ақ кроссовер жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бірнеше метрге ұшып, жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Айта кетейік, Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған әйелді көлік қағып өлтірген еді.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда мас күйдегі келіншек қағып кеткен екі жасар бала жансақтау бөлімінде жатқаны туралы жазған болатынбыз. ПД мәліметінше, жол апатынан үш адам зардап шеккен, бірақ дәрігерлердің айтуынша, олардың саны төртеу болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875010-aktbede-kamaz-5-zastagy-balany-basyp-ketti/

pixel