Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда демалыс күндері қоғамдық көліктер жүре ме

Опубликовано:

қоғамдық көлік11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда 19-20 қыркүйекте қоғамдық көліктер жүретін болады деп жазады KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, демалыс күндері қоғамдық көліктер таңғы сағат 06:00-ден кешкі сағат 22:00-ге дейін жолаушыларды тасымалдайтын болады.

Айта кетейік, қалада тұрғындардың өтініші бойынша, қыркүйек айы басталғалы қоғамдық көлік, оның ішінде метро кестеге сәйкес жұмыс істей бастады.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес елімізде өткен тәулікте төрт адам коронавирустан, тағы екі адам коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.

18 қыркүйектегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 835 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Олардың арасында 40 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 967 науқас жатыр. 1 868 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 100 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, соңғы ресми деректерге сәйкес, 18 қыркүйек күнгі көрсеткіштер бойынша, әлемде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 30,335 млн-ға жетті. Жазылғандар саны – 2,024 млн адам болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875011-almatyda-demalys-knderi-kogamdyk-klikter-zre-me/

pixel