Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда тағы бір көше бір бағытты болады

Опубликовано:

Көше
Фото: ПД баспасөз қызметі

Елорда көшелеріндегі қозғалысқа өзгеріс енгізілгені белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы қаланың Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция департаменті бапасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтан көшелерінің бірінде бір бағытты қозғалыс енгізілетін болды.

Нақтырақ айтсақ, Б.Момышұлы даңғылы бойында Жұмабаев көшесінен бастап Аманат көшесіне дейінгі аралық бір бағытты етілді.

"KFC жедел тамақтану орнының алдындағы Б.Момышұлы даңғылы бойында Жұмабаев көшесінен бастап Аманат көшесіне дейінгі аралықта бір бағыттағы қозғалыс ұйымдастырылып, сәйкесінше жол белгілері орнатылды", - делінген департамент таратқан баспасөз хабарламасында.

Құзырлы мекеме мұндай қадамға кептелісті азайтып, көше қозғалысын реттеу мақсатында барғандарын алға тартты.

Төменде Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бапасөз қызметі ұсынған аталмыш аймақтағы қозғалыс сызбасы келтірілген.

Көше
Фото: ПД баспасөз қызметі

Еске салсақ, бұған дейін біз Елордада алдағы демалыс күндері автобустар тек сенбі күні қатынайтынын жазған болатынбыз. 21 қыркүйекте - дүйсенбіден бастап қалалық және қала маңындағы маршруттар жұмысқа шығады.

Одан бөлек, 2024 жылға дейін Қазақстанда қандай жолдар ақылы болатынын жазған едік. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ақша төлеуге тура келетін жол учаскелерінің толық тізімін ұсынған. Оған сәйкес, Қазақстандағы 30-ға жуық жол магистральдары ақылы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875019-nr-sltanda-tagy-bir-kse-bir-bagytty-bolady/

pixel