RU

Ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады

ДәріДәрі
Көрнекі фото: pixabay.com

Чикагодағы Иллинойс университетінің ғалымдары коронавирусқа қарсы қолданылып жүрген азитромицин антибиотигін басқа дәрілермен қатар ішкен жағдайда жүрек талмасы пайда болатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Известия басылымына сілтеме жасап.

Сарапшылар 44 миллионнан астам пациентті зерттеп, сәйкесінше амоксициллин мен азитромицин қабылдаған топтың нәтижелерін салыстырды.

Азитромицин мен жүректің электрлік импульсіне әсер ететін дәрілерді бірге қолдану жүрек қызметінің бұзылу жиілігінің 40 пайызға артуымен байланысты, мысалы, естен тану, жүрек соғысының жиілеуі, тіпті жүректің тоқтап қалуы. Бұл дәрі-дәрмектерге қан қысымына қарсы дәрі-дәрмектер, антидепрессанттар, безгекке қарсы дәрілер және опиоидтар кіреді.

Бұған дейін америкалық кардиология дәрігерлерді жанама әсері ретінде жүрек ырғағын бұзатын дәрілерді тағайындауда мұқият болуға шақырған.

Тізімде сонымен қатар, COVID-19-қа арналған кейбір дәрі-дәрмектер бар.

Осы препараттардың ішінде авторлар хлорохин, гидроксохлорохин және азитромицинді атады - олардың барлығы дәрігерлердің айтуы бойынша жүрек ырғағының бұзылуын тудыруы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістанда дәрілер азық-түлік дүкенінде сатылып келген. Қаладағы сауда нысандарының бірі лицензиясыз препараттар мен медициналық бұйымдарды тамақ өнімдері салынған тоңазытқышта сақтаған.

Айта кетсек, бұған дейін Түркістан облысында тәртіп сақшылары өз үйінен заңсыз ем қабылдау бөлмесін ашып, дәрі-дәрмекті қымбат бағада сатқан әйелді ұстағанын жазған болатынбыз.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1875021-galymdar-koronaviruska-karsy-drini-limge-kep-sogatyn-kaupin-anyktady.html