Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҰҰ-ның мерейтойлық сессиясында Антониу Гутерриш мәлімдеме жасады

Опубликовано:

António Guterres1
Фото: Fiona Goodall/Getty Images

Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 75-сессиясы өтіп жатыр. Оның барысында ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

"Осынау атаулы дата қарсаңында хатшылық (БҰҰ Бас Ассамблеясының хатшылығы) бүкіл әлемде миллионнан астам адамды қамтыған жаһандық талқылауды өткізіп, оның аясында әсіресе, жастардың дауысына басымдық берді. Талқылауға қатысушылардың барлығы да өздерінің қорқынышымен, болашаққа деген үмітімен бөлісті. Олар бүгінгі күннің өзекті проблемаларын шешу үшін халықаралық ынтымақтастық өмірлік маңызға ие болып отырғандығын айтуда. COVID-19 індеті жағдайында мұндай ынтымақтастыққа қежеттілік барынша өзекті бола түскендігіне де мән беруде. Олар әлемге денсаулық сақтау жүйесінің, барлығына негізгі қызметтерді көрсету жүйесінің қажеттігін атап өтіп отыр. Олар үшін БҰҰ – бұл оның күшімен әлемде жақсарта түсуге болатын құрал. Олар бізді "қазіргі сынақтарға абыроймен төтеп береді" деп үміт артады", – деді Антониу Гутерриш.

Оның атап өтуінше, бұл реттегі жауапкершілік БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге артылып отыр. Өйткені, мүше мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымын құрды әрі олар әлемді жақсарта түсуге мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана отырып, оған қамқорлықпен және ұқыптылықпен қарауы тиіс.

"Бұл – БҰҰ халықтары алдындағы парызымыз. Бұл – орталық құндылықтардың жалғасуы үшін өмірін қиған бітімгерлер, дипломаттар, гуманитарлық көмек қызметкерлері және барлығы алдындағы – міндетіміз. Ұйымымызды құрушылар өз қызметтерін жанжал өршіп тұрған кезде бастаған болатын. Енді біз әлемді қауіптен арылту үшін осы жолды жалғастыруымыз қажет", – деді ол.

Оған қоса, БҰҰ Бас хатшысы бұған дейін 2020 жылы наурызда жарияланған коронавирус пандемиясының "бақылаудан шығып бара жатқанын" айтты.

Еске салсақ, БҰҰ Бас Ассамблеясының жұмысына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып, ағылшын тілінде екі бейнеүндеу жасайды.

Оның бірі – ұйымның 75 жылдығына арналса, екіншісі – күн тәртібіндегі дебатқа қатысты. Дипломаттар мен шолушылардың пікірінше, бұл жолғы ассамблея ұйымның мерейтойынан бөлек, қашықтан ZOOM-дипломатия түрінде өтетінімен ерекшеленеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1875037-b-ny-merejtojlyk-sessiasynda-antoniu-guterris-mlimdeme-zasady/

pixel