RU

Кәуәпқа шашалған павлодарлық егде жастағы ер адам бір ажалдан аман қалды

Кәуәп жасау
Көрнекі фото: pixabay.com

74 жастағы павлодарлық дәмханада кәуәпқа кептеліп қалды. Мекеме қызметкерлері қарияға жедел жәрдем шақырды. Алайда оқиға орнына жеткен ақ халаттыла ер адамның жүрек соғысын естімеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық жедел жәрдем бекетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел жәрдем станциясы ер адамның Павлодар кафелерінің бірінде демалып жатқанын айтты. Дастархан басында ол кәуәптан ауыз тиіп отырған, бір кезде ет оның тамағына тұрып қалыпты. Нәтижесінде ер адам тұншығып, көгере бастайды.

Шошыған кафе қызметкерлері дәрігерлерді шақырған. Жедел жәрдем оқиға орнына 7 минутта жетеді. Олар 74 жастағы зейнеткердің тамағына тұрып қалған етті алып тастапты, алайда ер адам есін жимаған. Сол кезде дәрігерлер оны жарты сағатта тірілтіп, жүрек соғысын қалпына келтіре алған.

Осыдан кейін науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, ауруханаға жеткізілді.

Жедел жәрдем бекетінің мәліметінше, науқас кешке ғана есін жиған. Қазір оның жағдайы тұрақты.

Естеріңізге сала кетейік, желіде дауылды күні жаңбыр астында қолшатырмен тұрып кәуәп пісірген жігіттің видеосы кеңінен тарап кетті. Бейнежазба желі қолданушыларының көңілінен шығып, күлкіге қарқ қылған еді.

Сондай-ақ, балконда кәуап пісірген павлодарлық азамат ұсталды.

Polisia.kz атап өткендей, ер адам төтенше жағдай режимі кезінде балконда пикник ұйымдастырып, кәуәп қуырғаны бейнеленген видеосын жүктеген.

Учаскелік полиция инспекторлары тәртіп бұзушыны ұстады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1875044-kupka-sasalgan-epavlodarlyk-egde-zastagy-er-adam-bir-azaldan-aman-kaldy.html