Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК "Головлев-Кабдушев" қылмыстық тобына шығарылған үкімді жария етті

Опубликовано:

ұқк
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанның ҰҚК "Головлев-Кабдушев" қылмыстық тобының мүшелеріне шығарылған сот ұкімін жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

ҰҚК баспасөз қызметінің айтуынша, үкім Степногорскте оқылған. Головолев және Кабдушев қылмыстық тобының ұйымдастырушылары Ақмола облысыныан жарылғыш заттарды ұрлап, сатқаны үшін айыпты деп танылған.

Ведомствоның хабарлауынша, ұйымдасқан қылмыстық топтың екі қатысушысы өткен жылдың қарашасында қолға түскен.

Олар Ақмола облысы бойынша ҰҚК Департаментінің қызметкерлері "Қазақалтын тау-кен металлургиялық концерні" акционерлік қоғамының бөлімшелерінен, әрі қарай сатып пайда табу мақсатында жарылғыш заттарды ұрлауға қатысы бар деген күдікпен ұсталған.

кнбе
Фото: ҚР ҰҚК

2019 жылдың қазан-қараша айларында салмағы 52 кг "Петроген-П" жарылғыш заты мен 60 дана "Искра-Ш", "Коршун-М ДИН-Ш" электрсіз жарғыш құралдарын сатқаны анықталды.

Тінту барысында тағы да 100 килограмнан астам "Петроген-П", 7,5 килограмнан астам "Аммонит" жарылғыш заттары, сондай-ақ 382 дана капсюль-детонаторлар мен толқынды-соққы түтікшелерінің кесінділері табылған.

Головлёв пен Кабдушев ҚР Қылмыс кодексі 24-ші бабының 3-ші тармағы және 287-ші бабының 3-тармағымен көзделген қылмыстар бойынша айыпты деп танылып, 3 жыл 2 айға бас бостандықтарынан айыруға үкім шығарылған.

Еске сала кетсек, 11 қыркүйекте ҰҚК ІІМ бірлесіп, Қазақстан аумағында ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кескенін жаздық.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстанда жалған шот-фактуралар шығарумен айналысып келген қылмыстық топ құрықталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875047-kk-golovlev-kabdusev-kylmystyk-tobyna-sygarylgan-kimdi-zaria-etti/

pixel