RU

Қызылорда облысының экс-әкімінің ісі: 80 млн теңгенің қайда кеткені белгілі болды

Ысқақ
Фото: e-kyzylorda.gov.kz

Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысты сот процесі кезінде Арысты қалпына келтіруге қайырымдылық қоры бөлген 80 миллион теңге Түркістандағы шығыс моншаның құрылысына кеткені белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сот кезінде ең алдымен куәгерлерден жауап алынды. Алғашқылардың бірі болып құрылыс компанияларының басшылары жауап берді.

"Бақ-Береке 2030" ЖШС басшысы Айбек Ерназаров 2019 жылы Арыста жарылыс болғаннан кейін оны облыстық әкімдігіне шақыртқанын айтты. Онда 20 жергілікті фирма жиналған. Оларға зардап шеккен қалаға көмек көрсету керек екенін айтқан. Бәрі келіскен.

Сол кезде 4 компания "Сыр мейірімі" қайырымдылық қорынан 20 млн теңгеден алуы керек болған. Кейінірек, Арыстың республикалық бюджет есебінен қайта қалпына келтірілетіні хабарланған.

Тамыз айының басында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріков басшылықтың тапсырмасы бойынша фирмалар қаржыны қолма-қол ақша етіп, өзіне беруін сұраған.

Ерназаров 20 млн теңге ірі сома әрі ол үшін салық төлеу керек болғандықтан бірден бас тартқан.

Алайда бір-екі күннен кейін құрылыс басқармасына шақырып, қолма-қол ету керек болған 20 млн теңгені оның шотына аударатынын айтқан. Ол осы мемлекеттік органмен үнемі жұмыс істейтіндіктен, болашақта мәселе туындамас үшін ақшаны шығаруға келіскен.

Оның сөзінше, ақша Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы (ЖДБ) арқылы келуі керек еді.

"Біраз уақыттан кейін мен бір бөлмеде бөлім бастығы, Абдрахимов, қайырымдылық қорының директоры Шаменов және басқа құрылыс компанияларының басшылары отырған ЖДБ-ға бардым. Онда біз, құрылыс компанияларының 4 басшылары, қайтарымсыз материалдық көмек ретінде Арыста жұмыс істегеніміз үшін әрқайсысына 20 миллион теңгеден аударылатыны айтылды", - деді куәгер.

Хат жазылды, оның астына фирма басшылары өздерінің қолдары мен мөрлерін қойды және оның негізінде ақша келесі күні аударылған.

Кездесу аяқталғаннан кейін көшеге шыққан компаниялар басшылары 17 миллион теңгені қолма-қол ақшамен, ал 3 миллионын салыққа қалдыратындарын, яғни жалпы сомасы 68 миллион теңгеге дейін азаятынын айтты.

Содан кейін Ерназаров басқа фирмалармен бірге Түркістанда шығыс моншасын салып жатқанын айтты. Бұл Қызылорда облысының сыйы.

Бюджеттік қаржыландыру мәселесі шешілмегендіктен, олар өз қаражатына салған. Ақша аяқталуға жақын қалған кезде олар құрылыс басқармасынан көмек сұраған.

Әлсеріков қайтарымды материалдық көмек алу үшін арыз жазу керек екенін, монша құрылысын тоқтатпау үшін оларға қайырымдылық қорынан ақша аударатынын айтқан.

Бұл нысанға бірнеше миллиард теңге жұмсалды, оны салуға бюджет қаражаты бөлінуі керек еді, бірақ қаржыландыру кешіктірілген.

"Сараптама бұл қаражат Түркістанда монша салуға жұмсалғанын дәлелдеді. Қызылордалық құрылыс компаниялары, қосалқы мердігерлер, «Сыр мейірімі» қорынан алынған миллиондарды моншаға салды", - деді іс фигуранттарының бірінің адвокаты.

Алайда 2019 жылдың қыркүйегінде Әлсеріков қордың ақшасын сұрай бастаған. Онымен кездесу кезінде Ерназаров телефон нөмірі бар қағаз алып, сол арқылы ол барлық ақшаны қашан жинап, қайтаратынын хабарлауы керек.

68 миллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, Ерназаров осы нөмірге хабарласқан. Кездесу уақыты белгіленіп, оны ақ түсті жол талғамайтын көлікпен күтіп алған.

Кейін сот алдына келген кәсіпкер Жеңісбек Ысқақов екені белгілі болды. Куәгер көлік салонына бір бума ақшаны салып, кетіп қалған.

Тергеу басталған кезде Ерназаров Жеңісбек Ысқақовпен тағы кездесіп, егер қорға 68 миллион теңге қайтарылса, қылмыстық іс тоқтатылатынын айтты.

Содан кейін Ысқақов Ерназаровқа 150 мың долларды қайтарып берді. Валюта бағамы бойынша қайта есептегеннен кейін шамамен 500 мың теңге жетіспейтіні белгілі болды. Ысқақов оларға қалғандарын өздері қосуларын айтып, кездесу орынан кетіп қалған.

Сол кезде Ерназаров істі жүргізген жемқорлықпен күресушілерге ақшаны берген.

Екінші бір куәгер, "Сапак" өндіріс кооперативінің жетекшісі Серікбай Садықов та қорың ақшасын қолма-қол етіп алу тапсырмасын Әлсеріковтен алғанын растаған.

Адвокаттар Серікбай Садықовтың алдымен куәгер, кейін күдікті, сосын қайта куәгер болғанын айтты. Сондай-ақ Садықов өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істің материалдарымен танысудан бас тартқан. Жауап ретінде ол тергеу барысында берген куәлігінен бас тартпайтынын айтқан.

Еске сала кетсек, 27 наурызда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы Қуанышбек Ысқақовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Кейінірек, оның үй қамауына алынғаны хабарланды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1875059-kyzylorda-oblysyny-eks-kimini-isi-80-mln-tegeni-kajda-ketkeni-belgili-boldy.html