RU

Якутияда 84 жастағы әжей өзіне шабуылдамақ болған аюға тойтарыс берді

аю 6846
Көрнекі фото: pixabay.com

Якутияның қарт тұрғыны айқайлап және газетті өртеп, алдынан шыққан аюды қуып жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оқиға Якутияның Асыма ауылында орын алды. 84 жастағы әжей жидек жинап жүріп аюға тап болған. Бұрын аңшы болған әйел дүрбелеңге салынбай қолындағы газетін жаққан. Ақырған аюға өзі де ақырып жауап берген. Одан үркіген жануар райынан қайтып, қашып кеткен.

Ауыл әкімшілігі болған оқиғаны растап отыр. Әжейдің өзі және оның туыстары журналистермен сөйлесуден бас тартқан.

"Кыымаан" аңшылар клубының президенті Александр Тастыгиннің айтуынша, ондай сәтте аюдан қашуға болмайды.

"Бәрібір алысқа қашып құтыла алмайсыз. Сырт көзге баяу қимылдайтын болып көрінгенімен, аю кез-келген қашықтыққа жақсы жүгіреді, жақсы жүзу біледі және ағаштарға шыға алады. Ең дұрысы – әжей сияқты от жағып, айқайлау. Ең құрығанда, өлген адамның кейпін көрсетіп жату керек", – деп кеңес берді Тастыгин.

Айта кетейік, бұған дейін Екібастұзда көпқабатты үйдің кіреберісінде қасқырды атқан видео пайда болды.

Желіде Екібастұз қаласындағы ғимаратының бір кіреберісінің жанында түсірілген видео жарияланды. Кадрларда полиция қызметкерлері мен мамандардың қасқырға ұқсайтын жануарды мылтық ұстап, аңдып тұрғаны көрінеді. Жағдайды тәртіп сақшылары түсіндірді.

Еске салсақ, бұған дейін Өскемен қаласында белгісіз біреулердің иттің басына шеге қағып, көшеге тастап кеткені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875072-akutiada-84-zastagy-zej-zine-sabuyldamak-bolgan-auga-tojtarys-berdi.html