RU

Қазақстандық әкім миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді (видео)

484621
Кадр видеодан алынды: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет онлайн-брифинг барысында қазақстандық әкімге қатысты тергеу басталғанын мәлім етті – Аягөз қаласының басшысы миллион теңге пара алу бойынша күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Данияр Бекайдаровтың айтуынша, Аягөз қаласы әкіміне қатысты 1,2 млн теңге пара алу факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Болжам бойынша, параны мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша атқарылған жұмыстар актілеріне қол қою үшін жергілікті бизнесмен берген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімнің ұсалып, тергеу жүргізу уақытына изоляторға қамалғанын мәлімдеді.

Тағы бір әкімдік қызметкері Таразда ұсталды – мемлекеттің 100% қатысуымен әкімдік серіктестіктерінің бірінің директоры пара алу бойынша күдіктелуде. Сондай-ақ оның мәслихат депутаты екені мәлім болды.

Тергеу мәліметінше, ол құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін ақшаны жедел аудару және жалпы қамқорлық көрсету үшін заңды тұлғадан 1,5 млн теңге пара алған болуы мүмкін.

Сот мемлекеттік қызметкерді тергеу жүргізу уақытына үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің онлайн брифингінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департаменттерінің бірінің басшысына іс қозғалғаны айтылды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, шенеунік қол астындағы адамның қызметке жетуі үшін пара алған болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, жақында Қазақстанның Бас прокуратурасы азаматтардың шағымдарынан кейін коллекторлар мен жеке сот орындаушыларының қызметіне тексеру жүргізгенін хабарлаған болатынбыз.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1875092-kazakstandyk-kim-million-tege-para-aldy-dep-kdiktelude-video.html