RU

Қазақстанда қандай жағдайда қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте қалаларда қатаң карантин қандай жағдайда енгізілуі мүмкін екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері қазақстандықтардың әлеуметтік желілерде қатаң карантиннің алдымен қыркүйек айының соңында енгізілетінін, ал қазір қазан айында болатынын айтып жүргенін сөз етті. Сонымен қатар, адамдар көктемдегідей қалаларды жауып, бөгеттер қою мүмкіндігі туралы қауесет таратуда.

"Денсаулық сақтау министрлігінде ең нашар сценарийі немесе шектеу шараларын қолдануға болатын нақты индикаторлары бар ма?", - деп сұрады журналистер. Бұған жауап ретінде Бағдат Қоджахметов бүгінде елдегі коронавирус бойынша эпидемиялық жағдайдың тұрақты екенін айтты.

Сонымен қатар, оның мәліметтері бойынша, елде коронавирус жұқтырудың төмендеу тенденциясы байқалады. Пандемия басталғаннан бері 107 мыңнан астам адам қауіпті вирусты жұқтырды, олардың көпшілігі осы уақытқа дейін жазылып үлгерді. 3835 науқас ем алуды жалғастыруда. 1689 адам вирустың құрбаны болды.

"Бүгінгі таңда күніне орта есеппен ПТР + және ПТР-мен 600-500 адам анықталады. Егер Қазақстанда кенеттен Covid-19 инфекциясының 30 мың жағдайы анықталса, онда бұл елде ең қатаң карантиндік шараларды енгізудің басты сигналы болады. Бұл күшті қызыл шекара", - деді Қожахметов.

Сондай-ақ, маман осы сағатқа дейін билік коронавирустың болуы мүмкін екінші толқынына дайындалып жатқанын айтты. Сонымен қатар, ауыр және орташа ауыр науқастарға қажетті медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер мен өкпенің жасанды желдету құралдары сатып алынады.

Ол сондай-ақ ауруханаларға кез келген уақытта 70 мыңнан астам науқасқа арналған төсекті орналастыру мүмкіндігі барын еске түсірді.

Естеріңізге сала кетейік, премьер-министр Асқар Мамин бұған дейін үкіметтің онлайн отырысында күзде туындауы мүмкін пандемияның жаңа толқынына дайын болуды, әрі оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралар кешенін іске асыруды тапсырған болатын.

Кеше ол Нұр-Сұлтан қаласындағы "СҚ-Фармация" логистикалық хабына барып, онда коронавирус инфекциясын емдеуге арналған дәрілердің бар-жоғымен және еліміздің денсаулық сақтау мекемелерін медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1875117-kazakstanda-kandaj-zagdajda-kata-karantin-kajta-engizilui-mmkin.html