RU

Алматы облысында үйлену тойының кортеж көліктері айыппұл тұрағына қойылды (видео)

кортеж көліктері айыптұрағына қойылды
Видеодан кадр: Polisia.kz

Алматы облысында үйлену тойының кортежіне қатысқан жүргізушілерге айыппұл салынып, көліктері арнайы тұраққа қойылды. Кортежге көліктерін ұсынған азаматтардан бірқатар әкімшілік құқық бұзушылық анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кортеж жүргізушілеріне арналған кезекті той соңы хаттамалар мен айып тұрағына ұласқан.

17 қыркүйек күні Қарасай АПБ полицейлері Жандосов көшесінің бойымен келе жатқан үйлену той кортежіндегі “ВМW”, “Mercedes”, “Ваз-2107”, “Ваз-21014” маркалы автокөліктерінің төрт жүргізушісінен он әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Сонымен қатар, олардың әрқайсысына ҚР ӘҚБтК-нің 590-б. 5 б., 590-б. 2 б., 603-б.2 б., 612-б, 1 және 6-бөліктері бойынша тиісті хаттама толтырылды.

Кортеж жүргізушіліреі "Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу", "Көлік құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу", "Көлік құралын құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның басқаруы" бойынша жауапкершілікке тартылды.

Барлық төрт көлік те айыптұрағына қойылды.

Сонымен қатар, ІІМ қызметкерлері прокурорлармен бірлесіп, Алматы облысындағы ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Олар алтын ұрлаумен айналысқан. Шикізат алдымен жасырын шағын цехтарда өңделіп, содан соң елден шығарылып отырған.

Арнайы операция барысында полицейлер контрабанданың ірі арнасын жойып, 10 адамды ұстады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875145-almaty-oblysynda-jlenu-tojyny-kortez-klikteri-ajyppl-tragyna-kojyldy-video.html