RU

Қазақстанда өткен тәулікте 155 адам коронавирустан жазылып шықты

аурухана кви
Көрнекі фото: AP PHOTO

Елімізде коронавирус инфекциясынан толығымен айығып шыққандардың саны арта түсті. Өткен тәулікте жазылған қазақстандықтардың қатарына тағы 155 адам қосылды деп жазады KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда 18 қыркүйектегі жағдайға сәйкес, коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандардың өңірлік статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 3
  • Алматы қаласы - 1
  • Шымкент қаласы - 26
  • Ақтөбе облысы - 6
  • Атырау облысы - 3
  • Шығыс Қазақстан облысы - 21
  • Батыс Қазақстан облысы - 41
  • Қарағанды облысы - 51
  • Қостанай облысы - 2
  • Павлодар облысы - 1

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 101610.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 65 дерегі тіркелгенін хабарлаған болатынбыз.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов қандай жағдайда Қазақстан аумағында тағы да карантин енгізілуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол Орталық коммуникацияларда өткен баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді.

Оған қоса, денсаулық министрі Алексей Цой күні кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі географиялық қашықтықтағы кеңсесінің басшысы Мелитта Якабпен кездесті. Қос тарап денсаулық саласындағы маңызды мәселелерді көтеріп, бірқатар ұсыныстар келтірді.

Сонымен қатар, белгілі Ресей академигі Евгений Шляхто коронавирустың екінші толқынына қатысты ерекшеліктерді айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875148-kazakstanda-tken-tulikte-155-adam-koronavirustan-zazylyp-sykty.html