RU

Қазақстанда КВИ мен пневмониядан тағы 5 адам қайтыс болды

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

18 қыркүйектегі статистикалық мәліметтерге сәйкес, елімізде коронавирус инфекциясы мен COVID-19 белгілері бар пневмония салдарынан тағы бес адам көз жұмған. Олардың төртеуі КВИ-ден, біреуі пневмониядан қайтыс болды деп жазады KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте Қазақстанда КВИ белгілері бар пневмонияға 235 адам шалдықты. Қауіпті дерт салдарынан бір өлім оқиғасы тіркелді.

Оған қоса, тағы 36 адам пневмониядан толығымен жазылып шықты.

Бірінші тамыз бен 19 қыркүйек аралығындағы пневмония бойынша статистикалық мәліметтері:

Ауырғандар: 30 814 адам.

Жазылғандар: 26 569 адам.

Айта кетейік, 18 қыркүйекте Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясын тағы 65 адам жұқтырып алды.

COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша өңірлік эпидемиологиялық жағдай мынадай:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 4;
  • Алматы қаласы - 8;
  • Шымкент қаласы - 1;
  • Ақмола облысы - 2;
  • Ақтөбе облысы - 2;
  • Алматы облысы - 1;
  • Атырау облысы - 5;
  • Шығыс Қазақстан облысы - 22;
  • Жамбыл облысы - 3;
  • Батыс Қазақстан облысы - 3;
  • Қарағанды облысы - 4;
  • Қостанай облысы - 3;
  • Қызықлорда облысы - 1;
  • Павлодар облысы - 1;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 4;
  • Түркістан облысы - 1.
  • Қазақстан аумағындағы коронавирус эпидемиясының жалпылама статистикасы: Расталған деректер: 107 199 адам; Жазылып шыққандар: 101 610 адам.

Сонымен қатар, елімізде коронавирус инфекциясынан толығымен айығып шыққандардың саны арта түсті. Өткен тәулікте жазылған қазақстандықтардың қатарына тағы 155 адам қосылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875158-kazakstanda-kvi-men-pnevmoniadan-tagy-5-adam-kajtys-boldy.html