Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскери қызметшілер «Бүкіләлемдік тазалық күні» акциясына қатысты

Опубликовано:

Сенбілік
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Әскери қызметшілер «Бүкіләлемдік тазалық күні» акциясына қатысты. Сенбілікте Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері 250 көшет отырғызды.

Акцияға қатысушылар Нұр-Сұлтан – Қарағанды тас жолына іргелес жатқан орман алқабын тазалап, елорданың коммуналдық қызметтеріне қоқысты шығаруға көмектесті.

Сенбілік
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
"Президент өз Жолдауында Қазақстанның ұлттық парктері мен табиғи байлықтарын заңнамалық тұрғыда қорғау қажеттілігі туралы айтқан болатын.

Бүгінде әскери қызметшілер көшеттер отырғызып, экологияны жақсартуға, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосты, - дейді ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары полковник Самат Төлепбаев.

Сенбілік
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Мұндай іс-шаралар қоғамдағы экологиялық құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді, сондықтан да әскери қызметшілер осындай шараларға тұрақты негізде қатысады.

Сенбілік
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875164-skeri-kyzmetsiler-bkillemdik-tazalyk-kni-akciasyna-katysty/

pixel