RU

Нұр-Сұлтанда карантин шектеулері жеңілдетілді

Астана
Көрнекі фото: Ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласында карантин шектеулері жеңілдетілді. Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысы елордалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаментінің ресми сайтында пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қаулыға сәйкес, шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы шешім елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын есепке ала отырып қабылданған.

Дегенмен, әлі де жаппай және отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынады. Жеке және бес адамнан артық емес топқа ғана әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық алаңда спортпен шұғылдануға рұқсат беріледі. Табиғатқа жиналып шығуға және қалаға экскурсия жасауға тыйым салынады. Тек бір жанұяның үш мүшесіне ғана жүруге рұқсат.

Сондай-ақ, қоғамдық орындар мен көліктерге маска тағу ережесі әлі де сақталады. Барлық ұйымның 50 пайыз қызметкері қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруы тиіс.

Жұмыс және демалыс күндері қоғамдық көлікке сағат 6:00- ден 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері 09:00-ден 20:00-г дейін, ал сенбі күні 9:00-ден 18:00-ге дейін; құжаттандыру бөлімі жұмыс күні сағат 9:00-ден 18:30-ға, ал сенбі күні 9:00-ден 14:00-ге дейін; мамандандырылған бөлім жұмыс күндері және сенбі күні 09:00-ден 18:00- ге дейін, дайын құжаттары беру түскі үзіліссіз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін істейді.

Білім беру нысандары жұмысын әдеттегідей режимде жалғастырады. Бизнес- орталықтарға (адвокат қызметтері, нотариус, сот орындаушылары, туроператорлар және т.б) жұмыс күндері де, демалыс күндері де сағат 9:00-ден 20:00- ге дейін қызмет көрсетуге рұқсат. Сауда орталықтары, сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталықтарына бір келушіге 4 шаршы метр тығыздықпен 30 пайыздан көп емес қамтумен жұмыс күндері сағат 10:00-ден 23:00- ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Олар демалыс және мереке күні жұмыс істемейді.

Оның ішіндегі аттракциондар, балалар ойнау алаңы мен кинотетарларға, ойын орталықтары мен фудкорттардың қызметтеріне тыйым салынады. Ресторан, кафе, бар мен асханалар (сауда орталығында жеке нысанда орналасқан) да жұмыс істейді. Олар нысан ішінде және жаздық алаңда 50 келушіден артық қабылдамауы қажет: әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір үстелде көп дегенде 4-6 адамды отырғыза алады. Нысандар жұмыс және демалыс күндері 9:00- ден 00:00- ге дейін жұмыс істейді.

Тұрғын ғимараттарында және тұрғын құрылысында орналасқан нысандар жұмыс және демалыс күндері 9:00-ден 22:00- ге дейін қызметін жалғастырады.

Жабық азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлар демалыс күні сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді, бірақ демалыс және мереке күндері олардың қызметіне тыйым салынады.

Ашық алаңдағы азық-түліктік және азық- түліктік емес базарлар демалыс және мереке күндері келушілерді 10:00-ден 19:00-ге дейін қабылдайды. "Демалыс күннің" ауылшаруашылық және мектеп, азық-түлік жәрмеңкелерін ашық аспанда 9:00-ден 19:00-ге дейін өткізуге болады.

Барлық азық-түліктік емес тауарлардың барлық түрін әзірлейтін дүкендерге жұмыс және демалыс күндері 9:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген, ал азық-түліктік емес сауда нүктелеріне 8:00-ден 23:00- ге дейін қызмет етуге рұқсат.

Фитнес-орталық пен бассейні бар спорт-сауықтыру орталығы алдын ала жазылу бойынша жұмыс және демалыс күндері 07:00- ден 23:00- ге дейін қызмет көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875170-nr-sltanda-karantin-sekteuleri-zeildetildi.html