RU

Қарағандыда өртенген пәтерден ер адамның мәйіті табылды

мәйіт
Көрнекі фото: van-horn.net

Қарағанды қаласының өрт сөндірушілері қаланың орталығындағы өртеніп жатқан пәтерден ер адамның мәйітін тапты. Олар 3 адамды құтқарып, үйдің 9 тұрғынын эвакуациялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

18 қыркүйек күні сағат 22:29-да Қарағанды қаласындағы Н.Әбдіров даңғылында өрт болып жатқаны туралы хабар түсті. Өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына жеткенде, 4-қабаттағы пәтерде жиһаздар бен заттар қызыл жалынға оранған еді.

"Пәтерді шолу кезінде 1968 жылы туған ер адамның денесі табылды. Подъезд қатты түтінге оранғандықтан құтқарушылар құтқару қалпақтарының көмегімен подъезд пәтерлерінен 3 адамды құтқарды, оның біреуі бала. Сондай-ақ, баспалдақтан 9 адамды эвакуацияланды, оның екеуі бала", - деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт 22:54-те толық сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 15 шаршы метрді құрады. Өрттің және адам өлімінің себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, Оралда өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші мерт болды. Оқиға бүгін кешке қаладан шыға берістегі Свистун гора ауданында болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәлімет бойынша, жасы 30-35-тегі ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында екі жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапқан еді. Екі бірдей жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тауып, тағы жетеуі түрлі дене жарақаттарын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875187-karagandyda-rtengen-pterden-er-adamny-mjiti-tabyldy.html