Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте тағы 63 қазақстандық коронавирус жұқтырып алды

Опубликовано:

тәжвирус
Көрнекі фото: sputniknews.kz

19 қыркүйектегі статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтайтын ПТР сынама тағы 63 адамнан оң нәтиже көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы жарияланған мәліметтерді негізге ала, COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша өңірлік эпидемиологиялық жағдайды ұсынамыз:

  • Нұр-Сұлтан - 7;
  • Алматы - 2;
  • Шымкент - 2;
  • Ақмола облысы - 2;
  • Ақтөбе облысы - 1;
  • Атырау облысы - 7;
  • Шығыс Қазақстан облысы - 24;
  • Жамбыл облысы - 1;
  • Батыс Қазақстан облысы - 2;
  • Қарағанды облысы - 5;
  • Костанай облысы - 2;
  • Қызылорда облысы - 1;
  • Павлодар облысы - 2;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 4;
  • Түркістан облысы - 1.

Елімізде коронаврус пандемиясы басталғалы бері 107 262 қазақстандық коронавирус инфекциясын жұқтырып алды.

Олардың 101 877-сі қауіпті дертті еңсеріп, толығымен айығып шықты.

Еске сала кетейік, күні кеше Нұр-Сұлтан қаласында карантин шектеулері жеңілдетілді. Елордалық бас санитар дәрігер тиісті қаулыға қол қойды.

Сонымен қатар, пневмониямен ауырған адамдардың өкпесі неше уақытта қалпына келетіні белгілі болды. Анықталғандай, ол үшін 3 айдан 6 айға дейін уақыт керек. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, пульмонолог Алексей Пак мәлімдеді.

Оған қоса, медицина қызметкері пневмонияны коронавирус инфекциясынан бөліп қарастыру мәселесі туралы пікір білдірді. Оның пайымдауынша, бұл жайт мүлдем ақылға қонбайтын дүние болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875195-tken-tulikte-tagy-63-kazakstandyk-koronavirus-zktyryp-aldy/

pixel