RU

Маңғыстау облысында дельтаплан құлады: Зардап шеккендер бар (фото, видео)

Маңғыстау облысында құлаған дельтаплан
Фото: Tumba.kz

Маңғыстау облысында дельтаплан құлап, нәтижесінде бір адам зардап шекті. Ер адамға көмек көрсетуге оқиға орнына құтқарушылар тобы келіп жеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға кеше, 19 қыркүйекте Қарақия ауданында орналасқан Шопан ата қорымына барар жолда орын алған. Бұл туралы Tumba.kz басылымы мәлімдеді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты дағдарыс жағдайларының басқармасына дельтаплан атты моторсыз ұшатын аппараттың құлағаны жайлы хабарлама келіп түскен.

Маңғыстаудағы дельтаплан құлаған жерге келген құтқарушылар
Фото: Tumba.kz

ТЖД мәліметтерінше, дельтапланның құлауы нәтижесінде 32 жастағы ер адам зардап шекті. Азамат екі қолын сындырып, жардан өз күшімен шыға алмай қалған.

Дельтаплан құлағаннан зардап шеккен азаматқа көмек көрсетіліп жатыр
Фото: Tumba.kz

Оқиға орнынан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бес құтқарушысы шыққан. Ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, альпинисттік жарақтардың көмегімен оны жардан түсіріп, бірден ауруханаға жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875201-magystau-oblysynda-deltaplan-klady-zardap-sekkender-bar-foto-video.html