Үш бірдей қазақстандық спортшы ресейлік лига турнирінде жеңіске жетті (видео)
Опубликовано:
Ресейлік Absolute Championship Akhmat (ACA) атты аралас жекпе-жек турнирінде төрт қазақстандық спортшы өнер көрсетті. Олардың үшеуі кездесуін жеңіспен аяқтады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Sports.kz басылымының хабарлауынша, Мәскеу қаласында өткен АСА 111 турниріндегі жекпе-жектердің бірінде қазақстандық Артем Резников (21-6) пен ресейлік спортшы Юсуф Раисов (16-1) кездесті. Жартылай жеңіл салмақта өткен қақтығыс үш раундтан тұрып, төрешілердің бөлек шешімі бойынша Резниковтың жеңісімен аяқталды. Қазақстандық спортшы үшін бұл қатарынан болған сегізінші және мансабындағы 22-жеңісі.
Лига аясындағы тағы бір кездесуде қазақстандық Георгий Кичигин (23-6) мен тәжік спортшысы Мамуржон Хамдамов (10-1) жұдырықтасты. Жартылай орташа салмақта өткен жекпе-жек барлық үш раунд бойына созылып, отандасымыз төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Бұл Кичигиннің ресейлік лигадағы дебюті болды. Бұған дейін ол Fight Nights Global турнирінде өнер көрсеткен. Бұл спортшының мансабындағы 24-жеңісі болды
Тағы бір жекпе-жекте отандасымыз Нұрберген Шәріпов (10-2) те дебют алды. Ол ресейлік Тамерлан Кулаевқа (11-2) қарсы шықты. Кездесуде жеңіс Шәріповке бұйырды. Ол төрешілердің бірегей шешімімен жеңімпаз атанды.Бұл спортшының ММА мансабындағы оныншы жеңісі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875209-s-birdej-kazakstandyk-sportsy-resejlik-liga-turnirinde-zeiske-zetti-video/