Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулік ішінде 7 адам қайтыс болды

Опубликовано:

тәжвирус ем
Көрнекі фото: stream.weacom.ru

Қазақстан аумағында өткен тәулікте коронавирус инфекциясы мен COVID-19 белгілері бар пневмониядан 7 адам көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

19 қыркүйек күні елімізде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 272 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса қауіпті дерттен тағы 100 адам толығымен жазылып, ауруханадан шықты.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми telegram-каналындағы ақпаратқа сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырып алған екі қазақстандық қайтыс болған.

Ауруханаларда КВИ-ден емді 1,9 мың адам қабылдап жатса, тағы 1,8 мың науқас амбулаторлық жағдайда қаралуда. Коронавирус жұқтырғандардың арасында 40 бала бар.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 690 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 40 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 900 науқас жатыр. 1 790 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 104 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 11 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" , - деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін 19 қыркүйекте коронавирус инфекциясын тағы 63 адамның жұқтырып алғанын хабарлаған болатынбыз

Сонымен қатар, қауіпті індеттен өткен тәулікте тағы 55 отандасымыз жазылып шыққаны мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875210-elimizde-koronavirus-pen-pnevmoniadan-bir-tulik-isinde-7-adam-kajtys-boldy/

pixel