RU

Өскеменде бұрынғы еден жуушы әйел аудан әкімі болып тағайындалды

Тамара Рахимжанова. Фотопортрет
Тамара Рахимжанова. Фото: vk.com/id162534953

Осыдан екі күн бұрын Шығыс Қазақстан облысының басшысы Глубоковск ауданының жаңа әкімін Тамара Рахымжанованы таныстырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін Өскемен әкімінің орынбасары болып қызмет еткен Тамара Рахымжанова енді Глубоковск ауданын басқарды. Бұл туралы жергілікті YK-news.kz басылымы хабарлады.

Тамара Рахымжанова 1978 жылы Өскемен қаласында дүниеге келіп, өз еңбек жолын 2001 жылы өнеркәсіптік мекемелердің өндіріс нысандарында еден жуушы болып бастаған.

2006 жылы ол алматылық экономика және статистика академиясында "Персоналды басқару" мамандығы бойынша диплом алды.

2014 – 2016 жылдар аралығында туған қаласында "Өскемен-тазалық" ЖШС директоры болып қызмет атқарды.

2016 – 2019 жылдарда "Өскемен-тәртіп" КМК басшысы болып жұмыс істеді.

2018 жылы Қазақ инновациялық университетін "Заңгер" мамандығы бойынша тәмамдады.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Есмахамбетованың бас санитар дәрігер қызметінен не себепті босатылғанына қатысты пікір білдірген болатын. Соңғы алты айда еліміздің бас санитарлық дәрігері үш рет өзгерді. Бүгінде аталмыш лауазымды қызметті Ерлан Қиясов атқарып жүр. Ол алдынғы аптада ғана тағайындалған еді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 20 наурызынан бастап, Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін Айжан Есмағамбетова атқарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875213-skemende-bryngy-eden-zuusy-jel-audan-kimi-bolyp-tagajyndaldy.html