RU

Әскери-техникалық мамандықты тегін негізде алды

Курсанттарды марапаттау
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі Алматы филиалының әскери-техникалық мектебінде курсанттар үш айлық оқуды тәмамдады деп жазады KAZ.NUR.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас аралықтары 18 бен 24 жасты құрайтын жастар «В», «С» санатындағы және «С1 «кіші санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі» бағдарламасы бойынша оқудан өтті.

«Қазіргі таңда 30 түлекке сертификат табыс етілді. Жол қозғалысы ережелері мен тәжірибелік жүргізу бойынша емтиханды сәтті тапсырғандар жүргізуші куәліктеріне ие болды. Бұл мамандық әскерде қызмет еткеннен кейін де сұранысқа ие болады», – деп әскери-техникалық мектеп филиалының директоры полковник Мирас Жильгильдин өз жаңалығымен бөлісті.
Курсанттарды марапаттау
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын 2017 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Кадрларды даярлау Қарулы Күштерді жасақтау қажеттілігіне сәйкес 16 әскери-техникалық мамандық бойынша өтеусіз негізде жүргізіледі. Мектеп тәрбиеленушілерін қорғаныс ведомствосының есебіне тұрып, тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етеді.

Оқудан кейін курсанттар әскерге шақырылып, әскери бөлімдерге бөлінеді.

Курсанттарды марапаттау
Фото: Қорғаныс министрлігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875218-skeri-tehnikalyk-mamandykty-tegin-negizde-aldy.html