Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі адамның телефон арқылы сөйлескен әңгімесі тыңдалатыны рас па

Опубликовано:

Фото
Фото: pexels.com

Қазіргі уақытта кез келген телефонды тыңдауға болады. Алайда А5/3 стандартымен шифрланған және VoLTE технологиясы бар мобильдік желі абоненттерінің телефонмен талқыланған әңгімесі қатаң қорғалады деп жазады KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Заманауи мобильдік құрылғылардың бәрін тыңдауға болады. Арнайы құрылғыны кез келген адам сатып алуы мүмкін. Мұны арам ойлы адамдар үш жолмен жүзеге асырады", - деп жазады "Прайм" компаниялардың қорғалу деңгейін сараптау зертханасының маманына сілтеме жасап.

Арнайы бағдарламалар мен трояндар қолданылады. Сондай-ақ, абоненттің мобильдік аппаратын өзге базалық станцияға қосып алады.

Мұндай жағдайдан қорғану үшін спутниктік телефон қолдануға болады. Оларды, тіпті, арнайы қызметтердің тыңдауы қиынға соғады. Сарапшының айтуынша, ол аппараттардың құны екі жүз мың теңгеден асады.

Бұдан бөлек, ақпаратты шифрлаудың жеке жүйесі бар телефондар да кездеседі.

Айта кетейік, елордалық тәртіп сақшылары жұмадан сенбіге қараған түні Қабанбай батыр көшесінде карантин ережесін бұзып, түнде жұмыс істеп жатқан «CYBER STRONG» компьютер клубын анықтады.

Тексеріс кезінде клубта 60 адам болған, оның үшеуі кәмелет жасына толмаған. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болғаны немесе заңды өкілдерінсіз жүруі үшін үш жасөспірімнің ата-анасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 442-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875240-eki-adamny-telefon-arkyly-sjlesken-gimesi-tydalatyny-ras-pa/

pixel