Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұршақ жауады": Дүйсенбі күні ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жауын
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда 21 қыркүйекте оңтүстікте шаңды дауыл, орталықта - дауыл, оңтүстік-шығыста - тұман болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Синоптиктер таратқан ақпаратқа сәйкес, Ақмола облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.

  • Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында да жел күшейеді, екпіні секундына 23-28 метр.
  • Қарағанды облысында күн күркіреп, жаңбыр мен бұршақ жауады.
  • Атырау, Павлодар, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Павлодар облысында 23 м/с-ке жетеді.
  • Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, шаңды дауыл.
  • Түркістан облысында да шаңды дауыл болады.
  • Батыс Қазақстан облысында түнде найзағай ойнайды.
  • Жамбыл облысында тұман, күн күркірейді, жел күшейеді.
  • Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысында өрт қаупі жоғары.
  • Елордада жауын-шашын болады, түнде +8..+10 градус, күндіз +14..+16 градус.
  • Алматыда күн ашық. Түнде +9..+11, күндіз +24..+26 градус.
  • Шымкентте 21 қыркүйекте жауын-шашынсыз. Түнде +10..+12 градус, күндіз +25..+27.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда қандай жағдайда қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін екенін жазған едік.

Айта кетейік, премьер-министр Асқар Мамин бұған дейін үкіметтің онлайн отырысында күзде туындауы мүмкін пандемияның жаңа толқынына дайын болуды, әрі оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралар кешенін іске асыруды тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875248-brsak-zauady-djsenbi-kni-aua-rajy-kandaj-bolady/

pixel