RU

Өзбекстанның вице-премьері өмірден озды

Фото
Фото: Facebook / Barnoevofficial

Өзбекстанның вице-премьері Уктам Барноев 57 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол үкіметте аграрлық және азық-түлік саласына жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Sputnik Өзбекстан агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл ақпарды Бұхара облысының жергілікті әкімшілігінде растаған.

Айта кетейік, Барноев ұзақ уақыт бойы коронавирус инфекциясынан ем қабылдады. Шенеунікке шілде айында СOVID-19 диагнозы қойылған. Ол Akfa Medline жеке емханасында емделіпті. 

Расталмаған мәліметке сәйкес, Барноев соңғы уақытта Германияда дәрігерлерге қаралды.

Барноев 2020 жылы ақпан айында премьер-министр орынбасары қызметіне орналасты. Бұған дейін ол Бұхара облысының хокимі болған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында жаңа қала пайда болуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Шаһарды құру туралы тиісті жоба қазіргі уақытта талқыланып жатыр.

Егер жоба мақұлданса, оның құрылысына Ташкенттің Алмазар ауданының жанында орналасқан ауданының 493,5 га жері берілмек.

Сондай-ақ, жобаға сәйкес бұл аумақтардың кейбір бөліктері Қазақстан мен Өзбекстан шекарасына жақын орналасқан. Жоба 8 қыркүйекке дейін талқыланады.

Сондай-ақ Өзбекстанда коронавирустың салдарынан той-думан агенттіктері жабылып жатқанын хабарлаған едік.

Соңғы бес айда бір ғана Ташкенттің өзінде 350 ивент-агенттіктің тең жартысы жабылып қалған. Кәсіпкерлер енді жергілікті биліктен 100 адамға дейін қатыса алатын той-томалақ пен мерекелік шаралар өткізуге рұқсат сұрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875249-zbekstanny-vice-premeri-mirden-ozdy.html