RU

Ақтауда балалар алаңқайында құлап кеткен бүлдіршіннің бас миы шайқалды

балқан
Фото: Lada.kz

Ақтауда 34 шағын аудандағы аулада орналасқан балалар алаңқайында ойнап жүрген ер бала жарақаттанып қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Лада" басылымының өңірдегі Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме беріп жазуынша, ол 2 метрлік биіктіктен құлап кетуі мүмкін еді.

Оқиға өткен жұмада, кешкі уақытта болған. Оқиға жайды хабар алған облыстық жедел жәрдем станциясы тез арада медициналық бригаданы жіберген.

Медицина мамандары зардап шеккен балаға бас миының шайқалуы мен жабық бас сүйек-миының жарақаттануы диагнозын қойған.

Бүлдіршін Маңғыстау облыстық көп салалы балалар ауруханасының жарақат бөліміне жеткізілген.

Баланың ата-анасы ұлдарын ауруханаға жатқызудан бас тартып, үйіне алып кеткен.

Болжам бойынша, ол балалар алаңқайындағы құрылымдардың бірінен құлап кеткен болуы мүмкін.

Басылымның жазуынша, оқиға орын алған шағын аудандағы №2 үйдің тұрғындары балалар алаңқайында жарақатқа төзімді жабын жоқ

Айта кетсек, бұл бір апта ішіндегі үшінші бала құлау оқиғасы.

Еске сала кетейік, Ақтаудың 27-шағын ауданында автокөлік жарылып кеткен еді.

Сондай-ақ, осы өңірде қаланың қақ ортасында ер адамды атып кеткен сәттің видеосы кеңінен тарап кетті. Осы жағдайға байланысты полиция департаменті пікір білдірген болатын.

Ведомствоның хабарлауынша, оққа ұшқан азамат ауруханада көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875254-aktauda-balalar-alakajynda-klap-ketken-bldirsinni-bas-miy-sajkaldy.html