Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазнетте органын сатуға ниеттілердің хабарламасы пайда болды

Опубликовано:

Ота
Көрнекі фото: pixabay.com

Орал қаласының танымал Instagram-пабликтерінде өз органын сатуға ниеттілердің хабарламалары пайда бола бастады. Мұндай қадамға барушылар несиесін жабуға және күнделікті тіршілікке қаражат таппай отырғандарын алға тартқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Надежда" басылымының мәліметіне сәйкес, органын сату туралы хабарламаны қазақстандықтар он мыңдаған жазылушылары бар танымал Instagram-пабликтерде жариялауға тырысқан.

"Анонимді түрде жазады, телефондарын бермейді - қорқатын болуы керек. Хабарламасын жариялауды сұрап, кейін "жекеге" хат алмасу арқылы ұсынысқа қызығушылық білдіргендермен байланысқа шығады. Мұндай әрекетке баруын олар материалдық қиындықтарға тап болуымен түсіндіруде. Негізінен несие бойынша қарызға белшесінен батуы себеп болуда", - деп түсіндірді басылымға паблик администраторларының бірі.

Басылым ақпаратына сәйкес, мұндай хабарламалар бұған дейін де бой көрсетіп келген, тіпті органының құнын бірден жазатындар да болған. Мәселен, дені сау адамның бүйрегі 80-100 мың доллар деп бағаланса, кейін орган сатушылардың айтуынша, саудаласу барысында 20-30 мың долларға, яғни 8,4 - 12,6 млн теңгеге құны түсіріледі екен.

Айта кетерлігі, елімізде органды сатуға тыйым салынған, тек өз еркімен донор болуға рұқсат етіледі.

Ота
Скриншот: nadezhda.kz

Ресми мәліметтерге сүйенген басылым, әр жылда органға кезекке тұрған қазақстандықтардың саны 4 мыңға жететінін жазуда. Елімізде орган ауыстыру бойынша операция қазақстандықтар үшін тегін жүргізілсе, шетелдіктер үшін 3-4 млн теңге.

Орган сатудан бөлек, суррогат ана атануға дайын адамдарды іздейтін қазақстандықтардың хабарламалары да жиі жария болып жатады. Олар суррогат анаға жақсы қаражат төлейтіндерін алға тартуда. Заң бойынша суррогат ананың қызметіне Қазақстанда тек отбасылы жұп құқылы.

Еске салсақ, бұған дейін иммунолог күзде ауырмау үшін қандай дәрумендер ішу керектігін айтқанын жазған едік.

Одан бөлек, отандық ғалым қазақстандықтарға биологиялық белсенді қоспалар мен дәрі-дәрмектерге ақша жұмсамауға және олардың иммундық жүйені нығайту қабілетіне сенбеуге кеңес бергенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875258-kaznette-organyn-satuga-niettilerdi-habarlamasy-pajda-boldy/

pixel