RU

Ақтауда белсенділер иттерді төбелеске дайындағандарға жаза беруді сұрайды

591653
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтаулық жануарларды қорғаушылар әлеуметтік желіде жануарларға қатігездік жасалған видеоны жариялады. Олардың айтуынша, бәзбіреулер иттерді төбелеске дайындап жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы ақпарат "Шанс" қорының Instagram желісіндегі парақшасында пайда болды.

Жазба авторларының сөзінше, оларға иттерді төбелеске дайындап жатқан сәттің кадрлары түскен.

Бұл фотолар мен видеолардың Жаңаөзенде түсірілген хабарланды. Белсенділер ұзақ уақыт бойы мұны жариялауға шешім қабылдамапты.

"Біз бұл кадрлардың көптеген дұрыс адамдарды тағы бір рет есеңгіретіп жіберетінін түсінеміз", - деді авторлар.

Зоо қорғаушылардың айтуынша, олардың қолдарында осы іспен айналысатындар туралы барлық деректер бар.

"Тауып алған немесе өзіңізді мезі еткен жануарды біреудің қолына берерде жүз рет ойланыңыз!", - деді авторлар.

Олар өз жазбаларында мұндай оқиғаны тоқтатуға құзіреті бар адамдарды белгілеуді сұраған.

Еске сала кетсек, жақында елордада төрт итті зорлағандар жайлы сұмдық дерек шыққан болатын.

Астанада бұрын-соңды болмаған зорлық түрі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Хайуанаттарды уақытша ұстайтын изоляторда төрт иттің жыныстық сипаттағы азап көргені анықталды. Олар қазір еріктілердің қолында ем қабылдауда. Ал жыныстық зорлық көрсетуі мүмкін деген күдіктіні полиция іздеп жатыр.

Айта кетейік, зорлық көрген иттердің жағдайы туралы жазба алғаш рет Instagram желісінің "СтопОтлов" парақшасында жария болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875264-aktauda-belsendiler-itterdi-tbeleske-dajyndagandarga-zaza-berudi-srajdy.html