RU

56 жастағы әйел мұрагерлік үшін күйеуін өлтірді деп күдіктелуде

Күйеуін өлтірді деген
Фото: Wendie-Sue Dent

Австралия тұрғыны мұрагерлік үшін күйеуін өлтірді деп күдіктелді. Келіншек сотқа өзінің кінәсіз екенін дәлелдеу үшін неке жүзігін ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

62 жастағы Дэвид Лоуренс 2015 жылдың желтоқсанында қайтыс болған. Мәйітті тексеру кезінде өлімге әкелетін морфин дозасы және бірнеше дәрілік заттар анықталады.

Белгілі болғандай, оның жұбайы - 56 жастағы Венди-Сью Дент те аталған дәрілерді қабылдап жүрген.

Прокурордың айтуынша, әйелі Лоренсті өзінің дәрі-дәрмектерінің қоспасымен әдейі улаған. Күйеуі қайтыс болған жағдайда, ол 300 мың долларды мұраға алады екен. Дентті жалғыз мұрагер ететін өсиетке Лоуренс қайтыс болардан тоғыз апта бұрын қол қойған. Прокуратура өсиеттің қолдан жасалғанын жоққа шығармады.

Дент өзінің кінәсіз екенін және өсиетті қолдан жасамағанын барынша дәлелдемек болады. Оның адвокаты Лоуренс пен Денттің бір-біріне ғашық болғанын және үйленгілері келгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қос ғашық дәрігердің қабылдауына барған. Ал ақ халатты өз кезегінде Лоуренске виагра жазып беріпті.

Үкім осы аптада шығарылады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Үндістаның Коллама қаласының 27 жастағы тұрғыны жыланның көмегімен әйелін өлтірмек болған. Белгілі болғандай ол мұндай қадамға екінші әйел алу үшін барған.

Петропавл қаласындағы ЕС 164/6 түзету мекемесінде жазасын өтеп жүрген Елена күйеуін өлтіріп, кейін бөлшектеп қоқысқа лақтырғаны үшін сотталған. Ол жантүршіктірерлік қылмысы үшін өмірінің 10 жылын темір тордың ар жағында өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875270-56-zastagy-jel-mragerlik-sin-kjeuin-ltirdi-dep-kdiktelude.html