Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лукашенконың үлкен ұлы Беларусьтегі митингтерге қатысты ойын айтты

Опубликовано:

лука ұл
Виктор Лукашенко. Фото: Sputnik / Виктор Толочко

Беларусьте Лукашенконың ұлы әрі ұлттық қауіпсіздік бойынша президенттің көмекшісі Виктор Лукашенко мотожарыс қатысты. Мемлекет басшысының үлкен ұлы елдегі митингтерге қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Виктор Лукашенко өзі және мотожарысқа қатысқан басқа адамдардың наразылық акцияларынан қорықпайтынын айтты.

"Біз қазір Беларусь көшелерімен емін-еркін жұріп өттік. Қараңыздар, жиналған және жыртылған егістіктер, әдемі, таза қала. Біреуі демалу үшін, біреуі балаларымен серуендеу үшін жүр. Митингтер ше? Енді, болды, өтті. Біз мотожарыспен жүруге қорыққан жоқпыз", - деп келтірген Лукашенконың сөзін Sputnik Беларусь.

Мотожарысты халықаралық Harley Owners Group (H.O.G) мотоклубы ұйымдастырған. Ол мамыр айында басталып, ресейлік қалаларды басып өткен.

Мотожарыс жұма, 18 қыркүйекте Беларусьта бастау алды.

Еске салсақ, Александр Лукашенконың ұшағы Адлер әуежайына қонғаны туралы жазған едік. Президент Путинмен келіссөз жүргізу үшін Сочиге барды.

Оған қоса, Ресей жақын уақытта Беларуське мемлекеттік кредит беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин беларусьтік әріптесі Александр Лукашенкомен кездесуінде мәлімдеді.

Сондай-ақ, президент Лукашенко елдің саяси белсенділерімен кездесуінде мәлімдеме жасады. Жаңа Конституцияның соңғы жобасы референдумға шығарылады.

"Бүгін қоғамдық және саяси өмірге жаңа серпін беретін уақыт келді. Біздің мемлекет болашақта қандай болу керек, оның мемлекеттік құрылымы туралы біртұтас көзқарас қалыптастыру маңызды. Бұл Конституция", – деді Беларусь басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1875279-lukasenkony-lken-ly-belarustegi-mitingterge-katysty-ojyn-ajtty/

pixel