RU

Алматыдағы Фурманов шыңынан тоғыз жасар бала құлап кетті

жедел жәрдем
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда Фурманов шыңында тоғыз жасар бала жардан құлап жарақат алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Алматы қаласының құтқару қызметінің кезекші бөліміне мұндай хабар 20 қыркүйек күні 13:36-да түскен. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылар бригадасы, сонымен қатар жедел жәрдем тобы және Медеу аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы аттанған.

Құтқарушылар автокөлікпен жолдың ортасына дейін ғана бара алған. Одан әрі тау жолының тарылуына байланысты олар жаяу көтерілген.

"Оқиға орнына жеткен құтқарушылар балаға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жасөспірімнің оң қолында сынық жарақаты болуы мүмкін деген күмәнмен, оған медициналық қаптама кигізді", – делінген хабарламада.

Содан кейін құтқарушылар тобы зардап шегушіні жедел жәрдем көлігіне жеткізу үшін, таудан төмен түсірген.

Алайда, жедел жәрдем көлігінің қалаға қайтар жолы да түрлі кедергілерге тап болды.

Еске сала кетсек, Ақтауда балалар алаңқайында бүлдіршін құлап кетті.

Оған ақ халаттылар бас миының шайқалуы мен жабық бас сүйек-миының жарақаттануы диагнозын қойған.

Сондай-ақ, иесіз қалған үйдің терезінен көрінген бала бейнесі жұрттың зәресін ұшырған еді.

Саяхаттап жүрген әйел иесіз қалған бір ғимаратқа кезіккен. Үйдің сыртқы келбетіне қызыққан ол жекежайды қызы Ребеккаға көрсетпек болыпты. Ребекка үйді бірден видеоға түсірген. Алайда ол роликті жақындатып көрген кезде терезеде тұрған баланың бейнесін көрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875289-almatydagy-furmanov-syynan-togyz-zasar-bala-klap-ketti.html